Билетіңізді көрсетіңіз! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Билетіңізді көрсетіңіз!

444

Smiley face

 Нұр-сұлтандағы iKOMEK109 Бірыңғай байланыс орталығы желісіне келіп түскен барлық өтініштердің 42%-ы қалалық көлікте жұмыс істемейтін RTVM-автоматтарға қатысты болды.  Қоғамдық көліктің қатысуымен ЖКО туралы да көптеген қоңыраулар келіп түседі.  Сондай-ақ, астана тұрғындары жол жүру ережесін бұзатын ұқыпсызжүргізушілерге және жолаушыларға билет бермейтін кондукторларға шағымданады.

 Осы және басқа да сұрақтарды қалай шешу керектігі туралы мәселе Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың төрағалығымен өткен қоғамдық көлік және көлік инфрақұрылымы саласындағы проблемалық мәселелер жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында қаралды, деп хабарлайды Нұр-сұлтан сайты.

IKOMEK109 қалалық орталық басшысының орынбасары Дина Темірғалиева, қазіргі таңда iKOMEK109 Бірыңғай байланыс орталығына қоғамдық көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы туралы көп өтініш келіп түсетінін айтты. IKOMEK109 Бірыңғай байланыс орталығына жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесінің жұмысына да шағымдар түседі. Осыған байланысты "Астана LRT" ЖШС төлем жүйелері Департаментінің директоры Бақтияр Арынғазиев, 93% тұрғындар жол жүру үшін қолма-қол ақшасыз төлемді - бұл QR-код бойынша немесе SMS-хабарлама арқылы төлеуді пайдаланады, және тек 7% ғана қолма-қол ақшамен төлейді деп хабарлады.

109 iKomek-ке келіп түскен өтініштерді талдауға сәйкес, 42% шағымдар жұмыс істемейтін RTFM автоматтарға қатысты болған. Автоматтардағы проблемалар купюра қабылдағыштың бағдарламалық немесе физикалық бұзылуынан; тозған купюраларды енгізуден, монеталардың  және бөгде заттардың кептелуінен туындайды. Проблемаларды жою мақсатында 6 жаңа купюра қабылдағыш сатып алынды. Қазіргі уақытта қала бойынша 221-ден астам нүкте жұмыс істейді.

Жолаушыларға билет бермеу мәселесі де қозғалды. "Астана LRT" ЖШС көліктік бақылау Департаменті директорының м.а. Рашид Рахматуллин, қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс және сыйақыдан айыру түрінде 5 тәртіптік жаза қабылданғанын баяндады.

Сондай-ақ, автобус парктерін көлікпен қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады. "№3 автобус паркі" ЖШС директоры Бауыржан Тілеубергенов, қазіргі таңда кәсіпорында 164 автобус бар екенін, сондай-ақ 2 автобус парктің меншік қаражаты есебінен сатып алынғанын айтты.

Отырыс барысында қоғамдық көлік жүргізушілерінің жұмысы туралы мәселелер қаралды. Жуырда болған  автобус есіктерінде адамның қысылып қалу оқиғасы мысал болды. "№3 автобус паркі" ЖШС директоры жүргізушілерге қатысты жұмыстан шеттетуге дейін жаза қолданылатынын, ал "№8 автобус паркінде" жүргізуші дөрекі мінез-құлқы үшін жұмыстан шығарылғаны жайлы айтып берді.

http://astana.gov.kz/ru/news/news/20060


Көзі: yunews.kz