"ҚазАвтоЖол"-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"ҚазАвтоЖол"-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жүргізген профилактикалық жұмыс барысында "ҚазАвтоЖол» ҰК" АҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, филиал басшысы орынбасарының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі анықталған.

"Филиал қызметінде филиал қызметкерлерінің жетекшілік ететін объектілерге шығуына тиісті бақылаудың болмауы, мердігерлермен тікелей байланыс жасау, жол бойындағы белдеулерде жол сервисі объектілерін орналастыру бойынша "жасырын" қызмет көрсету және нормативтік-құқықтық актілермен реттелмеген техникалық шарттарды беру сияқты бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды", - делінген Ақмола облысының СЖҚД хабарламасында.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында Басқарма тиісті ұсыныстар жіберді.


Көзі: yunews.kz