Ақтауда қамауға алынған балалар хирургы екінші сатыдағы сотта ақталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда қамауға алынған балалар хирургы екінші сатыдағы сотта ақталды

444

Smiley face

Бүгін Маңғыстау облыстық сотында облыстық балалар ауруханасының балалар хирургы Насухан Отарғазиевтың апелляциясы бойынша сот отырысы өтті.

Осы сот процесінде қандай да бір себептермен бірінші инстанциядағы сотты елеусіз қалдырған барлық куәгерлер тыңдалды. Басты куәлардың бірі Әсел Дамбаева судьяға сол күні жанжал оның  көз алдында болғанын айтты.

«Бұл әже менің артымда кезекте тұрды, онда адамдар көп болды. Бірақ, ол кісі көп күткісі келмей, кезексіз кіріп кетті. Наразылық білдіріп, терапевтке айқайлады. Осы уақытта хирург баланы тексеріп қарап жатқан еді. Дәрігер әжені тыныштандыруға тырысты. Уақыт өте келе оның ұлы анасына қосылып, жанжал басталды. Бұл ер адам дәрігерді балағаттады, бірақ мен Насухан Отарғазиевтың бейәдеп сөздер айтқанын естімедім. Керісінше, басқа тараптан балағаттау мен агрессия көп болды. Мен барлық мән-жай туралы түсініктеме жаздым. Маған қоңырау шалып, сотқа шақыратынын айтты, бірақ бүгінгі күнге дейін маған ешкім қоңырау шалған жоқ», - деп түсіндірді сотта Әсел Дамбаева.

Одан кейін судья жасалған хаттаманы зерделеуге кірісті, содан кейін осы құжатты жасаған учаскелік инспекторды шақырды. Анықталғандай, хаттама кешігіп жасалған, онда қателіктер, түзетулер және дәлсіздіктер болды.

Нәтижесінде сот процесінің барлық қатысушыларын тыңдап, судья шешім шығарды -Насухан Отарғазиев толығымен ақталып, бірінші инстанцияның шешімі күшін жойды.

«Бірінші инстанциядағы сот бұл істің мән-жайын талдауға әрекет жасамай, керісінше, істегі барлық дәлелдерді дәрігерге қарсы заңсыз түсіндіргенін ерекше атап өткім келеді. Сот шешім қабылдаған кезде нені басшылыққа алғанын тек қана болжай аламыз, бірақ бұл әкімшілік іс бірінші сатыдағы соттардың әлі де қатқан қағидатпен жұмыс істейтінін айғақтайды – әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған, яғни кінәлі деген сөз», - деді жәбірленушінің қорғаушысы Радик Өмірболатов.

Smiley face

Өз кезегінде Насухан Отарғазиевты құттықтау үшін сот алдында оның көптеген әріптестері жиналды. Әр түрлі клиникалар мен ауруханалардың дәрігерлері қуанышын жасырмады. Ал хирург болса, өзін «жеке басымды қорлады» деп айыптаған адамға кек тұтпайтынын айтты. 

«Ол кісінің ұлына келетін болсақ, құдай оған төреші болсын, мен одан әрі соттаспаймын.  Ал бірінші инстанцияда шешім шығарған судьяға қатысты әлі де болса ойланамын», - деді Насухан Отарғазиев.

 

Автордың суреті 

 


Көзі: Yunews.kz