Қарымта кездесу: қазақстандық футболшылар Еуропа лигасының 2-раундында қалай ойнады? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарымта кездесу: қазақстандық футболшылар Еуропа лигасының 2-раундында қалай ойнады?

444

Smiley face

2019 жылдың 1 тамызында  Еуропа лигасының 2-іріктеу раундының қарымта  кездесулері өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Астана» : «Санта-Колома»

Кездесу күтпеген жерден басталды, қонақтар 7-минутта есеп ашты. «Астананың» қақпасына допты Энрике Пи соқты. Жіберілген голдан кейін «Астана» барлық күшімен есепті салыстыруға ұмтылды. 24-минутта пенальтимен «Астананың» жартылай қорғаушысы Рунар Мар Сигурьонсон көзге түсті.

Бірінші таймның қалған уақыты қажырлы күресте өтті. Командалар қауіпті сәттермен алмасты. Бірақ таблодағы есеп өзгерген жоқ - 1:1.

Екінші таймда 60-минуттан кейін «Астана» ойынды толығымен өзіне алып, 73-минутта алға шықты. Марин Томасов соққан доппен ерекшеленді. «Астана» шабуылын жалғастырды және 79-минутта Марин Томасов «Санта-Коломаның» қақпасына 2 доп соғып, «Астананың» басымдығын нығайтып, есепті 3:1-ге жеткізді. 93-минутта Марин Томасов хет-трик рәсімдеп, 4:1 қорытынды есеп бекітті. «Астана» одан әрі өтеді. 3-раундта «Астана» мальталық «Валлеттамен» кездеседі. Бірінші ойын 8 тамызда Нұр-Сұлтанда, ал қарымта кездесу 15 тамызда Мальтада өтеді.

 

«Ордабасы» : «Млада-Болеслав»

8-минутта қонақтар есеп ашты, Марек Матейовски дәл соққымен көзге түсті. 28 минутта Николай Комличенко пенальтимен «Младаның» басымдығын екі есе арттырды. Бірінші таймның соңғы 15 минутында қауіпті сәттер болған жоқ. Тек бірінші таймға қосылған уақытта «Ордабасы» ойыншысы Алексей Щеткин шиеленісті бастады - 1:2.

Екінші тайм өте қарқынды  басталды. 47 минутта Мурис Мешанович 1:3 есебін жасады. 56 минутта Абдуллай Диакате «Ордабасы» командасына 2:3 есебімен доп соқты. Алайда, қалған уақытта шымкенттіктер есепті теңестіре алмады. 2:3 - Чех командасының жеңісі. «Ордабасы» Еуропа лигасында ойынын аяқтады.

 

«Қайрат» : «Хапоэль»

Кездесу «Қайраттың» толық бақылауынан басталды. Алматылықтар бірінші минуттан бастап ұтып алуға тырысты. Ойынның 40-минутында «Қайраттың" қорғаушысы Раде Дугалич есеп ашты.

Кездесудің екінші жартысында, екінші сары карточка алған  Елдос Ахметов алаңнан  кетті. 63-минутта Раде Дугалич тағы да көзге түсті, алайда, қисық кеткеннен кейін ол допты өз қақпасына соғып, 1:1-ге жеткізді.

Екі кездесу қорытындысы бойынша 1:3 - Хапоэльдің жеңісі. «Қайрат» еурокубоктағы ойынын аяқтайды.


Көзі: Yunews.kz