Бангкокта жарылыстар болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бангкокта жарылыстар болды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Таиландта болған жарылыстар символдық сипатқа ие болды және халыққа емес, билік өкілдеріне қарсы бағытталған, деп хабарлайды РИА Новости Үкімет ақпаратына сілтеме жасап. Полицияның күшейтілген наряды қаланың орталық бөлігіндегі көшелерді патрульдейді. Жарылыс салдарынан төрт адам зардап шекті. Бангкок муниципалдық қызметінің үш қызметкері жеңіл жарақат алып, оларға қалалық ауруханаларда медициналық көмек көрсетілді. Жарылыстар мүлікке айтарлықтай зиян келтірмеді.

Турофисте бір жарылыс орталықтан шалғай Чаенг Ваттана (Chaeng Wattana) ауданындағы үкіметтік ғимараттар кешенінің жанында, екі жарылыс – Чонг Нонси (Chong Nonsi) ауданында орын алғанын хабарлады.

«Үкіметтің ақпараты бойынша, жарылғыш құрылғылардың мөлшері теннис доптарының өлшемінен аспайды, бұл халыққа емес, үкіметтің өзіне қарсы  символдық шабуылды айғақтайды», - деп жағдайға түсініктеме берді өкілдіктегілер.

Сондай-ақ, болған оқиғаға қарамастан, барлық көлік (метро, такси, автобустар) мен қоғамдық орындар әдеттегі тәртіпте жұмыс істейтінін атап өтілді.

«Таиландтың Премьер-министрі қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуді, сондай-ақ мұқият тексеру жүргізуді тапсырды. Ең бастысы - тыныштықты сақтау және үрейленбеу», - деп сендірді турбасқармада.

Бангкок билігі күні бойы халықты теледидар, радио және әлеуметтік желілер арқылы қаланың орталық бөлігінің көпшілік орындарында сақ болу қажеттілігі туралы ескертеді.


Көзі: Yunews.kz