Корея соғысында қаза тапқан 25 сарбаздың сүйектері ҚХДР-дан АҚШ-қа қайтарылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Корея соғысында қаза тапқан 25 сарбаздың сүйектері ҚХДР-дан АҚШ-қа қайтарылады

444

Smiley face

Корей соғысында қаза тапқан 25 американдық сарбаздың сүйектері ҚХДР-дан АҚШ-қа қайтарылады, деп хабарлады АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Twitter-де.

«Корей соғысында із-түзсіз жоғалып кеткен АҚШ-тың тағы 25 әскери қызметшісінің сүйектері отбасыларына қайтарылатынын естіп қуандым. Бұл төраға Ким (Ким Чен Ын - ред.) мен Президент (Дональд Трамп) арасындағы келісімнің орындалуы», - деп жазды Помпео.

АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс қаза тапқандарды сәйкестендіргені үшін Пентагонға алғыс білдірді. Пентагон бұған дейін 55 қорапшаның ішінен 25 адам сәйкестендірілгені туралы хабарлаған болатын. АҚШ пен ҚХДР 2018 жылы Сингапурдағы саммитте әскери қызметшілердің сүйектерін қайтару туралы келіскен еді, деп хабарлайды РИА Новости.

Корей түбегі ресми түрде соғыс жағдайында болып есептеледі, өйткені 1950-1953 жылдардағы Корей соғысы бейбіт келісімшартқа емес, уақытша бітім жасауға қол қоюмен аяқталды. Демилитаризацияланған аймақ Корей түбегін шамамен екі тең бөлікке бөле отырып, 38-параллельді бойлай өтеді.


Көзі: Yunews.kz