160 тың долларға алдап кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

160 тың долларға алдап кетті

444

Smiley face

Өзбекстандық құқық қорғау қызметкерлері Ташкентте бір жеке фирманың басшысы мен оның серіктесін қолға түсірді, олар Мәскеуден микроавтобустар жеткізуді ұйымдастыруға берген уәделері үшін 160 мың долларға жуық қаражатты иеленіп кеткен, деп хабарлайды РИА Новости республиканың ІІМ қоғаммен және БАҚ-пен байланыс басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма мәліметтеріне сәйкес, Ташкенттің Юнусабад ауданының ІІБ-не Бұхарадан кәсіпкер жүгінген, ол екі отандасын Мәскеуден он Mercedes-Benz микроавтобустарын жеткізуді ұйымдастыруға уәде беріп, оның 159 мың доллар көлеміндегі ақшасын иемденіп кетті деп айыптаған.

«Күдіктілер уәдесін орындамай, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Екі ер адам ұсталды, олардың біреуі жеке фирманың директоры болып шықты», - делінген хабарламада.

«Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша санкция он жылға дейін түрмеге қамау түріндегі жазаны көздейді.


Көзі: Yunews.kz