Түркия және АҚШ: Сирия мәселесі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркия және АҚШ: Сирия мәселесі

444

Smiley face
Фото из открытых источников

АҚШ-тың әскери делегациясы 4 тамызда Анкараға Сирияның солтүстігінде қауіпсіздік аймағын құруды талқылау үшін келеді, деп хабарлайды Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі. Бұған дейін АҚШ-тың Сирия бойынша арнайы өкілі Джеймс Джеффри, АҚШ Сирияда қауіпсіздік аймағын құру туралы Түркиямен келісімге келмегенін және елдер арасында түрлі деңгейде, соның ішінде әскери деңгейде пікірталастар жүргізілетінін мәлімдеді. Дүйсенбі күні Түркияның Қорғаныс министрлігінің басшысы Хулуси Акар Пентагон басшысы Марк Эспермен телефон арқылы сөйлескені хабарланды, оның барысында тараптар Сирияның солтүстігіндегі қауіпсіздік аймағын талқылады.

Акар бұған дейін қауіпсіздік аймағы АҚШ-тың үйлестіруімен Түркияның бақылауында болуы тиіс екенін атап өтті. Ол сондай-ақ, «егер Түркия АҚШ-пен ортақ пікірге келе алмаса, Анкара бір жақты тәртіпте қауіпсіздік аймағын қалыптастыруға мәжбүр болады» деп мәлімдеді.

Өткен аптада Түркияның Қорғаныс министрлігінің басшысы, егер АҚШ-пен осы аймақтағы қауіпсіздік аймағы туралы келісімге қол жеткізілмесе, Сирияның солтүстігінде жаңа түрік операциясының басталуы ықтимал екендігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.


Көзі: Yunews.kz