Қарағанды облысында «Қарқаралы уездік милициясының» жүз жылдығы аталып өтті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысында «Қарқаралы уездік милициясының» жүз жылдығы аталып өтті

444

Smiley face

Қарқаралы ауданының полиция бөлімінде Қарағанды облысының  ішкі істер органдарының тәлімгерлері мен жас  қызметкерлерінің  ІХ слеті өтті және «Қарқаралы уездік милициясының» жүз жылдығы аталып өтті.

Слеттің жұмысына жас қызметкерлерден басқа, өз өмірін ішкі істер органдарындағы қызметке арнаған, өз ісінің кәсіби мамандарының бірнеше буынын тәрбиелеген, қазір де қылмысқа қарсы күрес және елдегі қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне лайықты үлес қосуды жалғастырып жүрген олардың үздік тәлімгерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері де қатысты.

«Бұл іс-шараның басты мақсаты - ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттерді жас құрамға жеткізу, жаңа бастаған полицейлердің моральдық қасиеттерін тәрбиелеу, сондай-ақ облыстық ІІБ жеке құрамын патриоттық, адамгершілік тәрбиелеу, қазақстандық полиция қызметкерлерінің беделін арттыру, жас қызметкерлердің бойына  таңдаған мамандығы үшін мақтаныш сезімін сіңіру. Қазіргі ұрпақ, әсіресе жастар, тарихымызды білуі және есте сақтауы тиіс. Оның тәжірибесі мен дана сабақтары шынайы патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетеді, осыған байланысты біз облыстық слетпен бірге «Қарқаралы уездік милициясының 100 жылдығын» өткізуді шештік», - деп атап өтті Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Қайыркен Әлиев.

Smiley face

Қарқаралы қаласының орталық саябағында қаза тапқан қызметкерлерді еске алу мемориалы ашылды. Ескерткіштің ашылу құрметіне полиция полковнигі Қайыркен Әлиев, Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Берік Тоқмурзин және ҚР ІІМ ІІО және ҰҚ ардагерлер кеңесінің төрағасы милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбековке бұйырды. Ардагерлер мен жиналғандар өз өмірін бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін қиған ерлерді  еске алды. Өз міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, үш дүркін оқ атылды.  

Сонымен қатар, Қарқаралы ауданы ПБ әскери және еңбек даңқы мұражайы ашылды. Мұражай экспонаттары ауданның барлық аймағынан жиналған, сонымен қатар негізгі бөлігі Семей қаласынан әкелінген, ол Қарқаралы уездік милициясын құру кезінде Семей губерниясы болған.

Түсте Қарқаралы қаласының Мәдениет үйінде іс-шараның пленарлық бөлігі өтті. Жас ұрпақты тәрбиелеуге белсенді қатысқан үздік қызметкерлер мен ардагерлер ІІМ символикасы бар қол сағаттармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен, сондай-ақ «Қарқаралы уездік милициясының 100 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.   

Облыстық слет соңында «Көкпар», «Теңге алу» және «Аударыспақ» сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті.

 Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Smiley face


Көзі: Yunews.kz