Билетім жоқ деп алаңдама - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Билетім жоқ деп алаңдама

444

Smiley face

Ақтөбеде ашық аспан астындағы алғашқы тегін кинотеатр ашылды. Әзірге ол 500 адамға есептелген. Егер ашық аспан астында достарымен бірге фильм көріп, уақытын өткізгісі келетіндер саны көбейетін болса, онда экран алдындағы алаң кеңейтілетін болады», - дейді Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде.

Қоғамдық кинотеатр Тұңғыш Президент атындағы саябақта орналасқан. Әзірге бұл жерде  фильмдер аптасына бір рет, сенбі сайын көрсетілетін болады. Бірінші болып режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» атты фильмі көрсетілді.

«Біз көрермендерден қандай кино көргісі келетінін сұраймыз. Репертуарды қалыптастырамыз. Біреулер ретро-фильмдерді көрсетуді сұрайды – мысалға, «Менің атым Қожа», тағы біреулері заманауи комедияларды көргісі келеді. Көрсетілімге енетін  фильмдер тізіміне қазақ және орыс тілдеріндегі кинолар енгізіледі», - деп атап өтті Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алтынай Юнисова.

Ұйымдастырушылар сондай-ақ, «сеанс алдында көрермендермен тазалық тақырыбына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адамдардың балмұздақ, қағаз стақандар, пластикалық ыдыстар және т.б. қалдырмауларын өтінеміз», - деп атап өтті.

Smiley face


Көзі: Yunews.kz