Қытайда мыңнан астам тауық опат болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қытайда мыңнан астам тауық опат болды

444

Smiley face

Шаньси қытай провинциясында тауықтар тиелген жүк машинасы аударылып, мыңнан астам құстар опат болды, деп хабарлайды РИА Новости. Оқиға жұма күні Цзиньчэн қалалық округінде орын алды. Жүк машинасының тежегіштері істен шығып, ол аударылған. Машинада үш мыңнан астам тауық болған, көпшілігі сол орында опат болып, тағы біршама құстар зардап шеккен.

Жол апаты орын алған жердегі жол алымы пунктінің қызметкерлері өлі құстарды жинауға көмектесіп, жүк көлігін жақын маңдағы автошеберханасына жіберді. Жүргізуші аман қалды.


Көзі: Yunews.kz