Техаста оқ атқан адам жаңазеландиялық «атқыштың» ізін баса әрекет еткен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Техаста оқ атқан адам жаңазеландиялық «атқыштың» ізін баса әрекет еткен

444

Smiley face
Фото из открытых источников

«Техас штатындағы Эль Пасодағы атыс қайғылы оқиға ғана емес, сонымен қатар қорқақтың ісі болды. Мен бүгін көпшілікпен қатар осы жексұрын әрекетті  айыптаймын. Кінәсіз адамдарды өлтіруді ақтайтын ешқандай себеп немесе ақталу жоқ», - деп жазды Трамп өзінің Twitter-де.

Америка Президентінің сөздері атқыштың жеке басы мен оның уәждемесі белгілі болғаннан кейін айтылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Ең баста баспасөзде бірнеше атқыштар туралы хабарланса да, кейіннен атқыш біреу ғана болғаны, ол 21 жасар ақ нәсілді американдық Патрик Крузиос екені анықталды. Техастың батысындағы Walmart сауда орталығында оқ жаудырмас  бұрын ол өзінің Twitter-дегі парақшасында Жаңа Зеландиядағы мешітте болған лаңкестік әрекетті қолдаған манифест жариялаған. Манифесте ол өзінің іс-әрекеттерімен өз елін шетелдік «шапқыншылықтан» қорғайтынын мәлімдеді.  Ол сондай-ақ шетелдіктерден АҚШ мәдениеті мен экономикасы зардап шегеді деп санайды.

Атыс болған сауда орталығы америка-мексика шекарасына жақын орналасқан. Оған келушілердің айтарлықтай бөлігін  Эль-Пасоға сауда жасауға келетін мексикандықтар құрайды.  Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор американдық Эль-Пасо сауда орталығында атыс салдарынан қаза тапқандардың арасында үш мексикандық бар екенін хабарлады.

Атқыш полициямен тұтқындалған соң, атыс туралы іс жеккөрушілік негізінде жасалған қылмыс ретінде қаралатыны белгілі болды, бұл туралы журналистерге баспасөз мәслихаты барысында қаланың полиция басшысы Грег Аллен хабарлады.

Атыс салдарынан 20 адам қаза тапты,деп хабарлады журналистерге Техас штатының губернаторы Грег Эббот. Қалалық полиция басшысы Грег Аллен нақтылағандай, жарақат алғандар саны 26 адамды құрайды.


Көзі: Yunews.kz