Дамаск маңындағы тұрғындар үш тонна гуманитарлық көмек алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Дамаск маңындағы тұрғындар үш тонна гуманитарлық көмек алды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Ресейлік Жауласушы тараптарды татуластыру жөніндегі орталықтың (ЖТТО) өкілдері шамамен 3 тонна гуманитарлық көмекті Шығыс Гутада орналасқан Байтсава елді мекеніне жеткізді, деп хабарлайды РИА Новости. Бұл Дамаск маңында ресейлік әскерилер өткізген алғашқы акция емес. Жергілікті тұрғындарға күріш, шай, ұн және қоюландырылған сүтті қамтитын азық-түлік жиынтығы таратылды.

«Соғысқа дейін бізде 11 мың адам болды. Қала босап қалды, бірақ қазір жеті мыңға жуық адам қайта оралды. Біз біртіндеп инфрақұрылымды, бірінші кезекте, балалар оқу үшін мектепті қалпына келтіріп жатырмыз. Басты мәселе - қираған үйлер өте көп», - деді журналистерге Байтсава қаласы әкімшілігінің басшысы.

Ол сондай-ақ елді мекендерге ресейлік әскери медиктердің келуі қаншалықты маңызды екенін атап өтті: оның айтуынша, көптеген жергілікті тұрғындар үшін бұл медициналық көмек алудың жалғыз мүмкіндігі.

2018 жылдың сәуір айында үкімет әскерлері содырлардың осы аудандағы соңғы қорғаны - Дума қаласын өз бақылауына алғаннан кейін, сириялық армия көктемде Шығыс Гутаға толық бақылау орнату туралы жариялады.  Дамаск маңындағы азамт етілген аудандарда қалпына келтіру жұмыстары, минаны алып тастау процесі, инфрақұрылым мен жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Көзі: Yunews.kz