Сан-Франциско әуежайында су құйылған пластик шөлмектерден бас тартады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Сан-Франциско әуежайында су құйылған пластик шөлмектерден бас тартады

444

Smiley face

Сан-Франциско халықаралық әуежайы (SFO) пластик су бөтелкесінен бас тарту туралы шешім қабылдады, делінген әуе айлағының мәлімдемесінде. Бұдан былай әуежайда «пластик, немесе асептикалық қағаз қаптамалары бар контейнерлерде» су сатуға тыйым салынады. Сондай-ақ, сауда автоматтарында сатылатын суға да тыйым салынады, деп хабарлайды РИА Новости.

Осылайша, жақын арада әуежай аумағында қайта пайдалануға рұқсат етілген суы бар бөтелкелерді ғана сату мүмкін болады. Атап айтқанда, ауыз суы бар «қайта өңделетін алюминий және шыны» бөтелкелер туралы сөз болып отыр. «Ауыз су тазартылған суды, минералды суды, газдалған суды және электролитті суды қамтиды», - деп нақтылады әуежай.

Тыйым 20 тамызда күшіне енеді.


Көзі: Yunews.kz