Француз ұшатын тақтада Ла-Маншты кесіп өтті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Француз ұшатын тақтада Ла-Маншты кесіп өтті

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Француз Фрэнки Запаттың ұшатын тақтада Ла-Манш бұғазын кесіп өту бойынша   екінші талпынысы сәтті болды. Оның әуе саяхаты 8.15 басталды (9.15 мск) және шамамен 20 минутқа созылды, ол әуе тақтасында 35 шақырымға жуық жолды өтті. Запата ұшуды Сангат француз коммунасына жақын жердегі коммунадан бастады және Ұлыбританияда Сент-Маргарет Бэй қаласы маңында табысты аяқтады, деп хабарлайды РИА Новости.

Запатаның айтуынша, ол 160-170 шқ/с жылдамдықпен ұшқан.
«Соңында, мен ауырсына бастағанда өзіме: «Тоқта, сенің ауыруға құқығың жоқ. Рақаттан» деп басу айттым. Мен Ұлыбританияның жағалауы жақындағанын көрдім», - деді Запата журналистерге, және ол осындай ұшуды жүзеге асыруда  «жолы болғанын» және командасы теңдессіз екенін айтып өтті. Запатаның тікелей эфирдегі сөз сөйлеуін BFMTV телеарнасы көрсетті.

Француз бірнеше аптаға созылған қарбалас жұмыстан кейін шаршағанын және оған «демалыс қажет екенін» айтты. Эмоцияларын жасырмай, ол өз командасына, жұбайына және достарына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Ұшудан кейін телефон арқылы ұлымен сөйлескен кезде, Запата көз жасына ие бола алмады.  «Сен ең жақсы әкесің», - деді оған баласы.

Болашақ міндеттер туралы айта келе, Запата өзінің «ұшатын машинасын»  жетілдіруді жоспарлап отырғанын атап өтті. Гидроциклден бұрынғы әлем чемпионы Запата Марсельдегі шеберханасында ұшу тақтасын өзі әзірлеген. Оның өнертабысы тұрғындар арасында сұранысқа ие болды, кейіннен француздық жандармерия оған серіктес болуды ұсынды.


Көзі: Yunews.kz