Қазақстанның СІМ: ОКҚРЖШ әрекетін тоқтату қаруланудың жаңа жарысын тудыруға қабілетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанның СІМ: ОКҚРЖШ әрекетін тоқтату қаруланудың жаңа жарысын тудыруға қабілетті

444

Smiley face

Қазақстан АҚШ-тың орташа және кіші қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шарттан шығу жайлы шешіміне байланысты алаңдаушылық білдіреді, бұл қаруланудың жаңа жарысын  тудыруы мүмкін, делінген республиканың Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Онда Қазақстан шарттың «Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың VI-бабына сәйкес ядролық қаруды жеткізу құралдарының тұтас класын жоюға және ядролық қарусыздандыруда айтарлықтай прогреске жетуге мүмкіндік берген тарихи келісім ретінде» құндылығын растай отырып, барлық тараптардың шарттың сақталуы мен бұлжытпай орындалуына әрдайым қолдау көрсеткендігі атап көрсетілген.

«Қазақстан орын алып отырған проблемаларды шешу үшін қолдағы екіжақты және көпжақты тетіктер шеңберінде сындарлы келіссөздер арқылы тараптардың барлық қажетті күш-жігерін жұмсайтынына үміт артады», - деп атап өтті Қазақстанның СІМ.

Екінші тамызда ОКҚРЖШ әрекетін тоқтатты. Осы жылдың басында Вашингтон Ресейді шартты ұзақ уақыт бойы бұзып келді деп айыптап, осы келісімнен бір жақты шығатыны туралы жариялады. Мәскеу барлық айыптауды жоққа шығарды, деп хабарлайды РИА Новости. Шілденің басында Ресей президенті Владимир Путин шартты тоқтата тұру туралы заңға қол қойды. Ресей ОКҚРЖШ шарттарын толық орындағанын бірнеше рет мәлімдеген. РФ СІМ басшысы Сергей Лавров, Мәскеудің американдықтардың өздерінің шартты орындау жөнінде Вашингтонға өте маңызды сұрақтары бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, АҚШ-тың ОКҚРЖШ-ны бұзды деген айыптаулары дәлелсіз.


Көзі: Yunews.kz