Нұр-Сұлтанда жылдың соңына дейін 100 жаңа электравтобустар жүретін болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтанда жылдың соңына дейін 100 жаңа электравтобустар жүретін болады

444

Smiley face

Елорданың автопаркіне 100 жаңа электравтобус сатып алынады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қалалық автопаркке барған сапарында. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің ресми сайтында жазылған.

«Қалалық акселератор аясында құрылған жұмыс тобы қоғамдық көлік жұмысын жетілдіру мәселелерімен айналысады. Біз жасыл экономикаға көшеміз. Қалада жыл сайын адамдар саны артып келеді, осыған орай автомобильдер саны да артуда. Қоршаған ортаға  шығарындыларды азайту қажет.  Жылдың соңына дейін 100 электравтобус сатып аламыз. Бұл алғашқы қадам десе болады», - дейді А. Көлгінов.

Ол қызметкерлерді 4 тамызда атап өтілген кәсіби мерекемен - Көлік қызметкерлері күнімен құттықтады.

«Сіздердің жұмыстарыңыз  өте жауапты. Зейнеткерлер, студенттер, балалар, қала тұрғындары мен қонақтары күн сайын қоғамдық көлікті пайдаланады. Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы туралы ойлау қажет. Жолаушылар көлігінің тұрақты жұмысы халықтың өмір сүру сапасының көрсеткіші болып табылады. Жолаушылар мен жүргізушілердің өздерін жайлы сезінуі үшін жыл сайын автопарк жаңартылады. Осылайша, қаланың жылжымалы құрамы 70% - ға жаңартылып, мамандар автобустарды уақытында жөндейді», - деді А.Көлгінов.

Елорда әкімі қоғамдық көліктің басымдығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Bus lane жеке жолақтарын енгізудің арқасында автобустардың қозғалыс жылдамдығы артты.

«Егер адамдар қоғамдық көлікті  пайдалануға ұмтылатын болса, бұл қаланың даму көрсеткіші болады. Қазіргі кезде Bus lane арқасында бару пунктіне дейін автомашинаға қарағанда жылдам жетуге болады. Бұдан басқа, билет берудің электрондық жүйесін енгізу автопарктердің табыстылығын 40%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Бірақ сонымен қатар, егер өткен жылы қызмет көрсету сапасына 13 мың шағым түссе, биылғы жылы түскен шағымдар саны 21 мыңнан астам  (60%-ға артты). Біз бұл санды түзетуіміз керек. Біз қоғамдық көліктің барлық қатысушылары үшін қолайлы жағдай жасау үшін, ең бастысы – жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейміз», - деп атап өтті қала басшысы.

Smiley face

 
Елордада жолаушылар көлігі саласында 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Күн сайын жолға 900 автобус шығады, 1700 адам  жүргізуші болып еңбек етеді. Соңғы 5 жылда 700-ден астам автобус сатып алынды, олардың ерекше қажеттіліктері бар адамдарды тасымалдауға арналған пандустары бар, олар заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Ыңғайлы қозғалыс үшін әкімдік көшелерді жөндеу жұмыстарын жүргізуде.


Көзі: yunews.kz