Дауыл туристерді Алакөлдің жағасынан алысқа әкетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Дауыл туристерді Алакөлдің жағасынан алысқа әкетті

444

Smiley face

Дауыл салдарынан демалушылар Алакөл жағасынан 18 шақырым жерде орналасқан Аралтөбе аралында түнеді.

Кеше кешке 10 адам моторлы катерде серуенге шыққан, алайда уақыт өткен соң қатты жел көтерілген. Адамдар үлкен толқындардан жүрексініп, кері қайтуға қорыққан, содан кейін  құтқарушыларға қоңырау шалған.

«Хабарлама кешкі сағат 10-да келіп түсті. Ол уақытта ауа-райы тұрақтанбады, дауыл болды және көлге шығу қауіпті еді. Алайда, жел басылған бетте  біз берілген бағыт бойынша бардық. Таңғы сағат 5-ке жуық адамдар аралда табылды», - деді ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ жедел құтқару жасағының 6-бөлімшесінің бастығы Нұржан Бажақов.

ШҚО ТЖД хабарлауынша, медициналық көмекке ешкім мұқтаж емес.

Жалпы алғанда,  суға шомылу маусымы басталғаннан бері ШҚО ТЖД қызметкерлері 23 адамды құтқарды.

Smiley face


Көзі: yunews.kz