Кісі өлтірді деген павлодарлық күдікті Ресейде ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Кісі өлтірді деген павлодарлық күдікті Ресейде ұсталды

444

Smiley face

Павлодар полицейлері Ресей Федерациясындағы әріптестерімен бірлесіп кісі өлтіргені үшін іздестіріліп жатқан облыс тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

 Жыл басынан бері Павлодардың жедел қызметкерлері  90 қылмыскерді тауып, із-түзсіз жоғалған 34 азаматтың мекен-жайын анықтады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері кісі өлтіргені үшін 31 жастағы күдіктінің тұрған жерін анықтады. Ер адам Ресей Федерациясының аумағында жасырынған жерінен ұсталды. 2018 жылдың қараша айында Өспен ауданының тұрғыны жанжал барысында танысына бірнеше рет оқ атып, жазық далада жасырынған. Күдіктінің жеке басын және тұрған жерін анықтау үшін жедел қызметкерлерге бір аптадан артық уақыт қажет болды.

 Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (кісі өлтіру). 2019 жылдың шілдесінде күдікті Қазақстанға экстрадицияланды.


Көзі: yunews.kz