«Самұрық-Қазына» қоры бос жұмыс орындарының бірыңғай платформасын іске қосты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Самұрық-Қазына» қоры бос жұмыс орындарының бірыңғай платформасын іске қосты

444

Smiley face«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның суреті

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ холдингтің барлық компаниялар тобы үшін  - Samruk Qyzmet бос жұмыс орындарының бірыңғай платформасы іске қосылғанын хабарлайды. Сайт Қордың компаниялар тобында бос жұмыс орындарын іздеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша цифрлық алаң болып табылады. Веб-сайттың ресми мекенжайы https:/qsamruk.kz.

«Платформаны енгізу бос жұмыс орнына өтінімді қарау барысын қадағалау және «нақты уақыт режимінде» кері байланыс алу есебінен жұмысқа орналастыру процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді.  Сонымен қатар, платформа Қор компаниялары тобының әкімшілік және өндірістік лауазымдарындағы барлық бос жұмыс орындарына бірыңғай қолжетімділікке ие, және де үміткерлерді іріктеу уақытын қысқартады және рекрутер жұмысының процесін оңтайландырады»,- деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жұртшылықпен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, Қордың өткен жылы қабылданған жаңа кадрлық саясаты аясында, Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов үміткерлерді іріктеудің ашықтығын қарастыратын персоналды іріктеудің бірыңғай рәсімін енгізу қажеттігін атап өтті.


Көзі: yunews.kz