Астананың 2 мыңға жуық тұрғыны экоакцияға қатысты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Астананың 2 мыңға жуық тұрғыны экоакцияға қатысты

444

Smiley face

#Birge #TazaQazaqstan экоакциясына астананың 2 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Жалпы алғанда 8 тоннаға жуық қоқыс жиналды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан сайты.

"Үшінші апта сенбілік өтуде. Табиғат пен қоғам үшін пайдалы осындай акцияларды жүйелі деңгейге шығару қажет. Экоакцияларды өткізу үшін біз анағұрлым ластанған жерлерді таңдаймыз. Бұл, әдетте, су қоймаларының жаны. Бұрын сенбіліктер Қоянды аумағында, Майбалық көлінің жағасында, Қарасу, Есіл өзендерінде, Вячеслав су қоймасы бойында өтті. Бүгінгі күні Сарыбұлақ өзенінің бойында орналасқан аумақ таңдалды. Сондай-ақ сенбіліктер Вячеслав су қоймасының аумағында және Есіл өзенінің жағасында өтті", - деді А. Көлгінов.

Елорда әкімі экологиялық акцияға қатысушыларға табиғат пен жерге жанашырлық танытқаны үшін алғысын білдірді.

Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда материалдарды кез келген қолдануға жол беріледі  http://astana.gov.kz/ru/news/news/20070


Көзі: yunews.kz