Қазақстандық «еркін күресші» Циолковский турнирінің күміс жүлдегері атанды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық «еркін күресші» Циолковский турнирінің күміс жүлдегері атанды

444

Smiley face

4 тамызда Варшавада (Польша) Вацлав Циолковскийді еске алуға арналған еркін күрес бойынша халықаралық турнир аяқталды. Қазақстандық спортшы Нұрқожа Қайпанов жарыстың соңғы күнінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды  Olympic.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық тартыста қазақстандық балуан Түркия өкілі Хайдар Явузға жол берді. Тағы екі қазақстандық - Саятбек Оқасов пен Дәулет Ниязбеков 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде халықаралық турнирдің қола медалін жеңіп алды. 

Бұған дейін 97 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық "еркін күресші" Әлішер Ерғали жарыстың алтын медалін жеңіп алған болатын. Нұрислам Санаев (57 келі), Нұрғали Нұрғайпұлы (92 келі) және Ғалымжан Өсербаев (79 келі) Қазақстан активіне турнирдің күміс жүлдесін қосты. Ал Ералы Абдрашев (92 келі) және Расул Қалиев (61 келі) қола жүлдені иеленді. Осылайша, Польшада өткен халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша қазақстандық команда еркін күрестен тоғыз медаль жеңіп алды.


Көзі: yunews.kz