ШҚО-да демалыс күндері 5 адам суға кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ШҚО-да демалыс күндері 5 адам суға кетті

444

Smiley face

Өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысының су айдындарында 5 адам суға кетті, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Қайғылы жағдайлар Өскемен, Семей қалаларында және Шемонаиха ауданында болды. Барлық суға кеткен ер адамдар жабдықталмаған орындарда шомылған, куәлардың айтуынша олардың көбі ішімдік ішкен.

 

 

Шемонаиха ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары Выдриха ауылының жанындағы Уба өзенінде жүргізілді. Құтқарушылар 41 жасар ер адам мен 20 жасар жігітті іздестірді. Суға кеткен адамдар әртүрлі жерлерде шомылған және бір-бірімен таныс емес. Арасына бір күн салып құтқарушылар суға кеткен азаматтардың денесін тапты, оларды полиция қызметкерлеріне тапсырды.

 

Өскеменде кенсіз материалдар комбинаты ауданында заңсыз болып табылатын, тыйым салу белгілері қойылған жерде - жасанды қазаншұңқырда   41 жастағы ер адам суға батып кетті. Ер адамның жоғалғаны анықталғаннан кейін куәгерлер құтқарушылардан көмек сұрады. 40 минуттан кейін ШҚО ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" сүңгуірлері оның денесін тауып, жоғарыға шығарды.

 

Осындай оқиға бір күн бұрын Меновное кентінде болған. Саяжайлардың  бірінде 49 жасар ер адам жабдықталмаған жерде шомылып, суға батып кеткен. Бір сағаттан кейін құтқарушылар оның денесін өзен түбінен көтерді.

 

Семейде кеше кешке сүңгуірлер бір сағат бұрын Березовский кентінің ауданындағы Птичник көлінде жабдықталмаған жерде шомылған 32 жастағы ер адамның денесін тауып, алып шықты. Куәгерлердің айтуынша, ер адам масаң күйде болған.

 

ШҚО ТЖД облыс тұрғындарын судағы тәртіп ережелерін сақтауға шақырады. Айта кетейік, суға шомылу маусымы басталғаннан бері ШҚО-да суға кеткен 29 азамат тіркелген. 90% жағдайда адамдар жабдықталмаған жағажайларда және алкогольдік масаң күйде шомылған.


Көзі: yunews.kz