Қазақстандық теннисші ITF World Tennis Tour Juniors турнирінің жеңімпазы атанды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық теннисші ITF World Tennis Tour Juniors турнирінің жеңімпазы атанды

444

Smiley face

Ташкентте ITF World Tennis Tour Juniors сериясындағы жасөспірімдер арасындағы кезекті турнир аяқталды, деп хабарлайды Оympic.kz.

Қазақстандық жас теннисшілер үшін бұл Өзбекстанның ашық корттарында өткен қатарынан үшінші турнир. Ташкенттегі соңғы турнирде жасөспірімдер арасында ел намысын Шохрух Гайратов, Бекзат Үсіпбеков, Ерасыл Мұрат және Ростислав Гальфингер қорғады.  Қыздар командасында София Сохетская, Стефания Шалахова, Мария Синицына, София Чурсина, Жанель Рүстемова, Камилия Шайлина, Карина Ризваноа және Адель Исмагулова өнер көрсетті. 

Бірден екі жасөспірім – Бекзат Үсіпбеков пен Ростислав Гальфингер -  жарыс финалына өтті. Алайда, жартылай финалда Бекзаттың алған жарақатына байланысты отандастар бір-бірімен жекпе-жек жасай алмады. Сондықтан Ростислав Гальфингер автоматты түрде жеңімпаз атанды, ал Бекзат Үсіпбеков-турнирдің финалисті болды.  Қыздар арасында финалға София Чурсина жетті, ол біріншілікті ресейлік Еве Гарцеваға  1:6, 2:6 есебімен берді. 

Бір апта бұрын қазақстандық жасөспірімдер Ташкенттегі осындай турнирдің финалистері атанды. Ал, Әндіжанда бүгінгі финалист София Чурсина Вячеслав Соколовскийдің тәрбиеленушісі Мария Синицынамен бірге жұптық разрядта үздік болды.

Толығырақ: https://olympic.kz/ru/article/7246-kazakhstanskie-yuniory-na-pedestale-turnira-itf-juniors-v-tashkente


Көзі: yunews.kz