«QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ұлан Әліп «Нұр-Сұлтан қ. Оңтүстік-батыс айналма жолы» жобасының жұмыс барысын қадағалады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ұлан Әліп «Нұр-Сұлтан қ. Оңтүстік-батыс айналма жолы» жобасының жұмыс барысын қадағалады

444

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ұлан Әліп «Нұр-Сұлтан қ. оңтүстік-батыс айналма жолы» автожолы құрылысының 0-34,4 км учаскесіндегі жұмыстарды тексерді.

«Нұр-Сұлтан қ. оңтүстік-батыс айналма жолы» автожолының құрылыс-монтаж жұмыстары 2017 жылдың желтоқсан айында басталған. Бүгінгі таңда «СиньСин» ҚГК» ҚФ және «ҚазГерСтрой» ЖШС құрылыс консорциумы ұзындығы 34 шақырым учаскеде қарқынды жұмыстар жүргізуде. Жоба бойынша 4 жол айрығы (Қабанбай батыр, Қосшы, Қорғалжын, Тілендиев), 3 көпір (Нұра-Есіл, Есіл өзені көпірі (негізгі арна), Есіл өзені көпірі (өзен тармағы) және 3 жол өткелі (Қабанбай батыр, Қосшы, Қорғалжын) жоспарланған.

Учаске бойынша жол телімін төсеу жұмыстары, ал жол өткелдері мен көпірлердің жанында жер қазу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жасалған жұмыстардың сапасын бақылау мақсатында жол жабының жоғарғы қабатынан сынамалар алынуда.

Жұмыс ауқымын уақытылы орындау үшін нысанда 550-ден астам білікті маман мен 475 бірлікке жуық жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған.

Тексеру жұмыстарының соңында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ұлан Әліп аталмыш жобаны жүзеге асыру Нұр-Сұлтан қаласындағы көліктік жүйенің жүктемесін азайтатынын, жүргізушілердің уақытын үнемдейтінін және елорданың экологиялық жағдайына оң әсерін тигізетінін атап өтті. Сонымен бірге, учаскені 2020 жылы пайдалануға беру үшін «QazAvtoJol» ҰК» АҚ тарапынан жасалған жұмыстар үнемі қадағаланып, уақытылы мониторинг жүргізелетінін ескертті.     


Көзі: yunews.kz