АРЫСТАҒЫ 6,7 МЫҢ ҮЙДЕ НЕГІЗГІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

АРЫСТАҒЫ 6,7 МЫҢ ҮЙДЕ НЕГІЗГІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

444

Smiley face
Фото: МИИР РК

5 тамызға қарай Арыс қаласында 6,7 мың тұрғын үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 2,5 мың ЖТҚ және КПТҮ нысандарында құрылысшылар косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуде,-деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні 407 жеке үй және 3 көпқабатты үй толық қалпына келтірілді. 17 секторда 7 мыңнан астам құрылысшы еңбек етуде. Олардың міндеті-тұрғын үй қорының қалған нысандарын 20 тамызға дейін пайдалануға тапсыру.

Айта кетейік, 1 тамыз күні Арыс қаласында жарылыс толқынынан зардап шеккен барлық үйлердің 90%-ы қалпына келтірілді. Ауқымды құрылысқа еліміздің барлық өңірлерінен және Республикалық маңызы бар қалалардан келген жұмысшылардың рекордты саны – 8 мыңға жуық маман қатысты.


Көзі: yunews.kz