Қазақстанда «Ауғанстан: сауда қатынасының жаңа бағыттары» атты көрме-жәрмеңкесі өтті. - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда «Ауғанстан: сауда қатынасының жаңа бағыттары» атты көрме-жәрмеңкесі өтті.

444

Smiley face

2019 жылы 3-4 тамызда ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында «Ауғанстан: сауда қатынасының жаңа бағыттары» жобасы аясында ауған бұйымдарының халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтті. Экспозицияны Алматы қаласындағы Ауғанстан Ислам Республикасының Бас консулдығы мен сауда атташесі, Ауған іскер әйелдер ассоциациясы бірлесіп өткізді.

Көрмені ҚР МОМ директорының орынбасары Г. Теміртон ашты. Ауғанстанның Қазақстан Республикасындағы елшісі құттықтау сөз сөйледі. Ол екі ел арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту бойынша ынтымақтастықты жемісті дамытуға ықпал ететін осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Smiley face

Көрмеде сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен қолөнершілер ауған халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрпын сипаттайтын қол жұмыс тауарларын көрсетті: киім, мата, сәндік кестеленген аяқ киім, зергерлік бұйымдар, ақ мәрмәрден жасалған бұйымдар (тостағандар, тіреуіштер, плиталар, балясиндер, шағын колонналар), лазурит (құмыралар, тағамдар), кілемдер, шафран, кептірілген жемістер, дәмдеуіштер және т. б.

Smiley face


Көзі: Yunews.kz