Армиялық халықаралық ойындарда қазақстандықтар Моңғолия, Венесуэла және Сириядан келген қатысушыларды басып озды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Армиялық халықаралық ойындарда қазақстандықтар Моңғолия, Венесуэла және Сириядан келген қатысушыларды басып озды

444

Smiley face

және Сириядан келген өкілдерді басып озып, жеке жарыста бірінші болып мәреге жетті. Экипаж қашықтықты 22 минут 16 секундта өтті.

Жеке жарыс шарттарына сәйкес әрбір танк 5 километрден үш шеңберден өтеді. Танкистерге аяқ өткел, төбе, баурай, эскарп, танкіге қарсы шұңқыр және басқа да кедергілерден өту керек. Әрбір шеңберде атыс шептері орнатылған, онда штаттық артиллериялық атыспен зеңбіректен, зениттік және қосарланған пулеметтен ату кезекпен жүргізіледі.

«Қиындықтарға қарамастан, біз алдымызға қойылған міндеттерді сәтті орындай алдық. Бұл, ең алдымен, барлық экипаждың шеберлігі мен үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды», - дейді экипаж командирі, аға лейтенант Ермахан Құдайберген.

Екінші және үшінші экипаждың келуі 6 және 8 тамызға жоспарланған, деп нақтылады  Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі


Көзі: Yunews.kz