ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

444

Smiley face

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, онда 2020 жылы өтетін Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVII форумына дайындық барысын қарады, индустрияландыру, тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсіптік кешен салаларында жүзеге асырылатын бірқатар жүйе құраушы кәсіпорындарға барды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған «ENKI» керамикалық кірпіш өндіретін кәсіпорында, ҚР Үкіметінің басшысы технологиялық өндірістің автоматтандырылған процесін және шығарылатын өнім желісін қарап шықты. Зауыт жыл сайын шамамен 60 млн дана керамикалық кірпіш шығарады. Өндіріс көлемін 90 млн данаға дейін ұлғайту мәселесі қаралды.

Облыс орталығында Асқар Мамин жаңа салынып жатқан «Сарыарқа» шағын ауданында болды, оның үлгісі бойынша тұрғын үй сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыспен танысты. Ағымдағы жылы шағын ауданда 245 пәтерлік 6 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. 2025 жылға қарай ауданы 1 млн шаршы метр 233 көппәтерлі тұрғын үйді, 2 мектепті, спорт кешенін пайдалануға беру жоспарлануда.

ҚР Премьер-Министрі «Болашақ сарайы» жаңа Балалар мен жасөспірімдер сарайының құрылыс алаңында болды, онда 2020 жылы Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумының негізгі іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр. 1500 адамға арналған ғимарат екі аймақтан тұрады — зияткерлік және спорттық даму. Сондай-ақ Көкшетау қаласындағы бірқатар қонақүй кешендерін қайта жаңарту барысы қаралды.


Көзі: Yunews.kz