Трамп жаппай кісі өлтіргені үшін өлім жазасын енгізу туралы нұсқау берді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Трамп жаппай кісі өлтіргені үшін өлім жазасын енгізу туралы нұсқау берді

444

Smiley face

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің Әділет министрлігіне жаппай кісі өлтіргені үшін өлім жазасын енгізу бойынша шаралар әзірлеуге нұсқау берді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Бүгін мен сондай-ақ Әділет министрлігіне заң жобасын дайындауға нұсқау бердім, оған сәйкес жеккөрушілік негізінде оқ атып, жаппай кісі өлтірген адамдар өлім жазасына кесілуі тиіс. Бұл жоғары жазалау шарасы тез, сенімді және көп жылдар бойы қажетсіз кідіріссіз орындалуы керек», - деді Трамп, өткен демалыс күндері АҚШ-та жаппай атыс салдарынан 29 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алғанда, телеарнадан сөз сөйлеген кезінде.

Сенбі күні 21 жасар ер адам Мексикамен шекарадағы Эль Пасо қаласындағы супермаркетте атыс ашты. Шабуыл нәтижесінде 20 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды. Атқыш ұсталды, ол нәсілдік жеккөрушілік негізінде террорист деп айыпталды. Жексенбі күні түнде Огайо штатындағы Дэйтон қаласында түнгі барда атыс салдарынан тағы тоғыз адам қаза тапты. Полиция бір минуттан аз уақыт ішінде шабуыл жасаған адамды атып тастады, ол 24 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, қаза тапқандар арасында оның әпкесі де бар.  Оқ атқан адамның себептері анықталуда. Дэйтондағы оқиға жыл басынан бері АҚШ-та болған 251-жаппай ату оқиғасы болды.


Көзі: Yunews.kz