Лондонда кісі өлтіруге оқталғаны үшін 17 жасар жасөспірім ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Лондонда кісі өлтіруге оқталғаны үшін 17 жасар жасөспірім ұсталды

444

Smiley face

Скотланд-Ярд қызметкерлері кісі өлтіруге оқталғаны үшін күдікті 17 жастағы жасөспірімді құрықтады. Лондонның полиция баспасөз қызметі хабарлағандай, жексенбі күні жасөспірім Тейт Модерн заманауи өнер галереясының шатырындағы қарау алаңында болып, алты жасар баланы биіктігі бір жарым метрге дейін жететін алаң қоршауы арқылы лақтырған. Бала ауруханаға жатқызылды, оқиғаны тергеу кезінде мұражай жабылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Тейт заманауи галереясы модернистік және қазіргі заманғы өнер көрмелерін өткізеді және әлемнің ең көп адам келетін көркем мұражайларының бірі болып табылады. Tate Modern 2000 жылы Темзаның оңтүстік жағалауындағы Bankside Power Station бұрынғы электр станциясының ғимаратында ашылды.


Көзі: Yunews.kz