Ресейде әскери қоймалар жанып жатыр, тұрғындар көшірілуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ресейде әскери қоймалар жанып жатыр, тұрғындар көшірілуде

444

Smiley face

Сібірдегі орман өртінен кейін, Ресейде тағы ірі төтенше жағдай болды – Краснояр өлкесіндегі Ачинск қаласының маңында оқ-дәрілері бар әскери қоймалар жанып жатыр, жергілікті тұрғындарды эвакуациялай бастады. Бұл туралы «ТВК Красноярск» хабарлайды.

Әскери бөлім Ачинск пен Назарово арасында орналасқан, оның аумағында артиллериялық оқ-дәрілер қоймасы бар. Қоймадағы өртті ресейлік ТЖМ растады.

Назароводағы куәгерлер әлеуметтік желілерде өрттен болған қалың, қара түтін қаланың барлық нүктесінен көрінетінін айтады. Сондай-ақ, қойманың жанында орналасқан Каменка ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталғаны белгілі болды.


Көзі: Yunews.kz