Жеңіс әкелген «скретч» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жеңіс әкелген «скретч»

444

Smiley face

Тректегі велоспорт бойынша Қазақстан командасы көшбасшыларының бірі Артем Захаров Нұр-Султанда өткен ҚР спартакиадасында жеңіске жетті, деп хабарлайды  Olympic.kz. Спортшы "скретчте"  алтын медальға ие болды. Екінші болып Роман Василенков мәреге жетті. Үздік үштікті Роберт Гайнеев түйіндеді. Бір күн бұрын Захаров жеке қуғындау жарысында "күміс" иегері  атанғанын айта кетейік. Әйелдерде бағдарламаның бұл түрі бойынша Жанерке Санақбаева көш бастады. Күміс жүлдені Рината Сұлтанова жеңіп алды. Үшінші орын Наталья Сайфутдиноваға бұйырды. Үш күннен кейін командалық есепте Қарағанды облысы көш бастап тұр. Аралық екінші орын Алматы облысына тиесілі. Солтүстік Қазақстан облысы үшінші орында.


Көзі: Yunews.kz