Алматыда «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» бірегей көрме ашылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» бірегей көрме ашылды

444

Smiley face

ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында залдардың бірінде ежелгі қалашықтың тарихын ашатын артефактілер ұсынылған. Тап осы қалада  көрнекті ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туып-өскен.

«Отырар – әлемдік өркениетке елеулі үлес қосқан қасиетті жер», - дейді «Табалы»  мемлекеттік қорық-мұражайы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Борис Железняков. – «Қазіргі көрме оған дәлел. Мен үш жыл сол жерде экспедицияда жұмыс істедім. Бұл қалашықпен көптеген аңыз байланысты. Олардың бірі, дәл осы Отырарда Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде жасырылған үлкен кітапхана болғанын айтады. Көптеген ғалымдар ол жер асты жолдарында сақтала алады деп санайды.  Бірақ оны іздеу сәтті болмады».

Smiley face

Ежелгі қаланың қазба жұмыстары қырық жыл бойы жүргізілуде. Осы уақыт ішінде археологтар ғылым үшін көптеген құнды олжалар тапты. Мысалы, таста ойылған мөрлер – Сосанидтік Геммалар табылды. Ең қызықты экспонаттар деп балқытылған тостағандарды атауға болады. Бұл ыдыстың ішінде гүл түріндегі ою-өрнек бар.

 Әрине, Отырардың айналасында қала аумағында жасырылған қисапсыз қазына туралы аңыздар ежелден бар. Ішінара қауесет олжалармен расталады. Мәселен, 1974 жылы өрісті жырту кезінде Отырардың қираған жерінде күміс монеталар мен әшекейлердің көмбесі табылды. Ал 2004 жылы арнаны төсеу кезінде алтын динарлары бар ыдыс табылды.

Smiley face

Smiley face

Экспозиция төрт бөлімнен тұрады. Көрермендер шебер-қолөнершілердің саз, шыны, қоладан жасаған үй құрал-жабдықтарын, сондай-ақ қару-жарақтарды, атақты Отырардың алтын, күміс және мыс монеталарын көре алады.

Экспонаттардан басқа бірнеше фотоиллюстрациялар ұсынылған, оларға қарап келушілер көп ғасырлар бұрын Отырарда не болғанын, оның құрылымы, әкімшілік бөлінісі, қандай үйлер, моншалар, мешіттер болғанын бейнелейтін толық суреттер көре алады. Келушілер моңғол шапқыншылығы кезіндегі қаланың ХІІІ ғасырдағы өмірі туралы ақпарат алып, және Әмір Темірдің билік ету кезеңіндегі сирек кездесетін материалдарды көре алады.

Экспозиция тек үлкендерге ғана емес, сондай-ақ өскелең ұрпаққа де қызықты болады. Ашылу салтанатында балалар аз болмады, олар экскурсияны қызығушылықпен тыңдады. Экспозиция бір айға созылады.

Smiley face


Көзі: Yunews.kz