Біз пәтерімізді 5 жылдан астам күтіп отырмыз! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Біз пәтерімізді 5 жылдан астам күтіп отырмыз!

444

Smiley face

Елорда тұрғындары үлестік құрылыс объектілеріне қатысты наразылық білдіруде. Үлескерлердің айтуынша, көбінесе бір пәтерге 4 адам үміткер болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты.

Қала басшысы Алтай Көлгінов тұрғындармен кездесіп, олардың шағымдарын тыңдады.

«Бізде үйдің құжаттары жоқ, бірақ біз осында тұрамыз. Қайда баратынымызды білмейміз. Көпшілігімізде кредиттер, ипотека бар. Құрылыстың аяқталуын бесінші жыл күтудеміз. Біздің паркингтерді заңсыз сатып алды. Иелерінің құқық белгілейтін құжаттары да жоқ. Үйде электр энергиясымен тұрақты проблема болады, паркинг мүлдем жарықсыз", - дейді «Медина» тұрғын үй кешенінің үлескерлері.

Тұрғын үй кешенінің құрылысы 2014 жылы басталды. Ол пайдалануға берілмегеніне қарамастан, тұрғындар өз пәтерлеріне қоныстанып  алған.

Тағы бір бару пункті "Зере-1" тұрғын үй кешені болды.  Ол 2016 жылы проблемалық объект болып танылды. Үйдегі үлескерлер саны 191 адамды құрайды. Бұл ретте үйдегі пәтерлер саны – 176.

«Бізде бір пәтерді екі, үш рет сату фактілері бар. Демек, тіпті 4 адамнан үміткер пәтерлер бар. Олардың барлығы бір пәтер үшін ақша төледі. Үй инвестор үшін тартымды болуы үшін "Хан Шатырдың" артынан жер бөлінді", - дейді «Зере-1» ТК үлескерлері.

Үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы бар, инженерлік желілердің құжаттары "Мемсараптама" РМК-да тексеруде жатыр.

Көлгінов барлық проблемалық объектілер бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қалада құрылысы аяқталмаған 51 объект бар.

 Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда ғана материалдарды кез келген пайдалануға жол беріледі  http://astana.gov.kz/ru/news/news/20083


Көзі: yunews.kz