Онкодәрілер амбулаториялық деңгейде тегін берілетін дәрілер тізбесіне енгізілетін болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Онкодәрілер амбулаториялық деңгейде тегін берілетін дәрілер тізбесіне енгізілетін болады

444

Smiley face

Онкологиялық дәрілік заттар тегін дәрілер тізбесіне енеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Бұл шешімге ҚР ДСМ Формулярлық комиссиясы келді.

Мамандар амбулаториялық деңгейдегі тегін дәрілік заттардың, оның ішінде онкологиялық препараттардың тізбесін бекіту бойынша бұйрық жобасын келісу мәселелерін қарады.

Бірқатар онкологиялық дәрілік заттарды, соның ішінде "Дабрафенибты" амбулаториялық деңгейдегі тегін дәрілік заттар тізбесіне енгізу туралы шешім қабылданды.

Айта кету керек, бұл норма пациенттерге аталған препараттарды емдеу курсы есебінен дәрігердің тағайындауы бойынша дәріханалар арқылы алуға мүмкіндік береді, ал тұрақты (ұзақ) емделуге мұқтаж адамдарға препараттар - үш ай есебінен берілетін болады.

Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдар мәлімдеген Дабрафениб (Тафинлар) онкологиялық препаратының жылдық көлемін сатып алды. Ол бекітілген жеткізу  кестесіне сәйкес өңірлерге жеткізілетін болады.


Көзі: yunews.kz