Қазақстанда әлемдік логистикалық компанияның Орталық Азия өкілдігі ашылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда әлемдік логистикалық компанияның Орталық Азия өкілдігі ашылды

444

Smiley face

Қазақстандық делегация Токио қаласында болды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. Сапар аясында жапон компаниялары мен ұйымдарының басшыларымен жеке кездесулер өтті: «Sumitomo», «Marubeni», «Nippon Express», «Hitachi Construction Machinery», «Chiyoda Technol», «Sumitomo Mitsui Banking Corporation», «Sojitz», «Terra Drone», «JOGMEC», «Nikke Group».

Кездесу барысында делегация Қазақстан аумағындағы бірлескен жобалар мәселелерін талқылады. Машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, логистика, мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп, робототехника және АКТ салалары қозғалды. Қазақстандық тарап компанияларға инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар және инвесторлар үшін кеңейтілген мүмкіндіктер туралы айтып берді.

Жапон инвесторлары Қазақстан экономикасына салым салуға мүдделі екендіктерін білдірді, сондай-ақ біздің аумақта ағымдағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы хабардар етті.

Осылайша,  ірілігі бойынша әлемде төртінші орында тұрған "Nippon Express" логистикалық компаниясы осы жылдың тамыз айында Қазақстан аумағында Орталық Азия өкілдігінің ресми ашылғаны туралы хабарлады. Қазақстанда 2004 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан "Hitachi Construction Machinery" компаниясы тау-кен техникасына техникалық қызмет көрсетудің Өңірлік орталығын құруды пысықтауда.

Мұнай, газ және металл бойынша "JOGMEC" ұлттық корпорациясы сирек кездесетін металдарды қайта өңдеу бойынша технологияларды әзірлеуді дамытуда ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті. Ірі жапондық "Sumitomo Mitsui Banking Corporation" банкінің басшылығы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-мен бірлесіп ашылған несие желісін барынша белсенді пайдалануды ұсынды.

 

Әңгімелесу барысында Қазақстан-жапон экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.   Жапон тарапы елдер арасындағы инвестициялық өзара іс-қимылды жандандырудағы Қазақстанның бастамаларын қолдауға дайын екенін хабарлады.


Көзі: yunews.kz