Маңғыстау облысында үш жасөспірім суға кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстау облысында үш жасөспірім суға кетті

444

Smiley face

Кезекті қайғылы оқиға Каспийде орын алды. Маңғыстау облысы ТЖД хабарлағандай, үш жасөспірім – 2002 жылы туған екі қыз және 2003 жылы туған жасөспірім кешке Құрық кентінде шомылуға барып, суға батып кеткен. Олардың денелерін іздеуге қазір 10 құтқарушы мен 2 қайық қатысады.

Сол кеште Кендірлі курорттық аймағында демалыс базаларының бірінде 28 жастағы ер адам суға батып кетті.  Оның денесін судан туыстары алып шықты.

«Біз адамдарды рұқсат етілмеген қауіпті жерлерде және дауылды ауа райы кезінде шомылмауын ескертеміз. Кеше теңізде қатты жел тұрды, өкінішке орай, адамдар қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемейді. Нәтижесінде осындай қайғылы жағдайлар орын алады», - деп атап өтті Маңғыстау облысының ТЖД.


Көзі: yunews.kz