Полиция қызметкерлері Шымкент тұрғынынан есірткі заттарын тәркіледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Полиция қызметкерлері Шымкент тұрғынынан есірткі заттарын тәркіледі

444

Smiley face

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері патрульдеу барысында күдік тудырған азаматты ұстады, оның сөмкесінен күдікті заттар салынған конверт табылды.

Тәртіп сақшыларының болжамы бойынша, конверттің ішінде марихуана болған. Табылған зат тәркіленді, ал 22 жастағы күдікті ұсталды.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы «Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық құралдарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды заңсыз пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп түсіндірді Шымкент қ. ПД.


Көзі: yunews.kz