Кісі өліміне әкелген ЖКО үшін жасөспірім бір жыл шартты жаза алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Кісі өліміне әкелген ЖКО үшін жасөспірім бір жыл шартты жаза алды

444

Smiley face

Осы жылдың қаңтар айында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасын жасаған жасөспірім 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

 Ағымдағы жылдың 3 қаңтарында Затобольск ауылына кіре берісте Әулиекөл-Қостанай бағытындағы автожолда 2002 жылы туған А., "Nissan Qashgai" маркалы автокөлігін басқара отырып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Оның автокөлігі жол жиегінде тұрған С. басқаруындағы "ВАЗ-21102" маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жасөспірім А. көлік құралын басқаруға құқығы болмаған. "Жигулидің" жүргізушісі әйел адам оқиға орнында көз жұмды.

 Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен жасөспірім ҚР ҚК-ның 345- бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін  кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды,  ҚК-нің 55- бабының 4-бөлігі қолданылып,  сондай-ақ көлік басқару құқығынан айырылды және 1 жыл мерзімге адамдар мен жүк тасымалдаумен байланысты қызметпен айналысуға тыйым  салынды.

Сотталған А.-ға қатысты жазаны өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді, сондай-ақ жәбірленушілерге Өтемақы төлеу қорына 10 АЕК мөлшерінде мәжбүрлі төлем тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Көзі: yunews.kz