Маңғыстау облысында 70-тен астам көп балалы ана АӘК алу үшін ажырасып кеткен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстау облысында 70-тен астам көп балалы ана АӘК алу үшін ажырасып кеткен

444

Smiley face

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау үшін арнайы құрылған комиссиялар кезекті қулықтарды анықтады. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қарашаш Нұрмамедованың ақпараты бойынша, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында ғана АӘК алушылар саны 5 есеге – 8 мыңнан 40 мың адамға дейін артқан.

Бұл жәрдемақыны тағайындау өлшемшартының өзгеруіне байланысты, олардың бірі күнкөріс деңгейінің шамасына қатысты.

«Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш 35 525 теңгені құрайды, тиісінше оның 70%-ы 24 665 теңгеге тең келеді. Алайда, кедейлік шегін анықтау кезінде біз барлық жағдайды, соның ішінде алименттерді де ескереміз. Бірақ соңғы уақытта көп балалы аналар арнайы ажырасып, АӘК алу үшін алименттен бас тарта бастағанын байқадық. Мысалы, Бейнеу қаласында 35 көп балалы ана алимент төлеуден бас тартты, ал Жаңаөзенде 57 ажырасқан әйелдің 41-і өз балаларын жалғыз асырап бағуда. Сондай-ақ, олар бұрынғы күйеуінің ресми жұмысы жоқ екендігін алға тартып, алимент алудан бас тартқан», - дейді Қарашаш Нұрмамедова.

Сонымен қатар, мұндай жұптардың басым бөлігі ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүруді жалғастыратыны анықталуда, алайда мұндай фактілер әрдайым ашылмайды.


Көзі: yunews.kz