Алматы облысында өрт сөндіру кезінде үш адам қаза тапты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы облысында өрт сөндіру кезінде үш адам қаза тапты

444

Smiley face

Қазақстанның оңтүстігінде дала өртін сөндіру кезінде үш адам қаза тауып, жеті адам күйік алды.

"5 тамызда Алматы облысының таулы жерлерінде дала өртін сөндіру кезінде үш адам қаза тапты. Олардың бірі - Жаркент орман шаруашылығы мекемесінің қызметкері, тағы екеуі - жергілікті тұрғындар, олар апатпен соңына дейін арпалысты", - деп хабарланады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, Министрліктің ақпараты бойынша, жеті адам түрлі дәрежедегі күйік алған, бір адам аяғын сындырып алған.

"Зардап шеккендер одан әрі Жаркент қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызу үшін  тікұшақпен Лесновка ауылына жеткізілді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өрт сөндіру жалғасуда. Оқиға орнында ТЖД мен полицияның жеке құрамынан 59 адам және 13 бірлік техника бар.

Бұдан басқа, өрт ошағын жоюға өрт сөндірушілермен және полиция қызметкерлерімен қатар жергілікті тұрғындардан құрылған өртке қарсы ерікті құрылымдар да  жұмылдырылған.

Хабарланғандай, таулы жердің қол жеткізбейтіндігі өртпен күресуді қиындатады, осыған байланысты сөндіруге суағар құрылғысы бар Ми-8 тікұшағы тартылды. Су алу үшін су айдынының болмауына байланысты әуе кемесі адамдарды тасымалдау және ранецті бүріккіштер үшін сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Smiley face


Көзі: yunews.kz