7 адам колонияда азаптағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

7 адам колонияда азаптағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

444

Smiley face

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері колонияда анықталған азаптаулардың орын алуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында баспасөз мәслихатын өткізді. 

ҚАЖК мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанның 82 колониясында 25 мыңға жуық сотталғандар бар.

ҚАЖ жүйесінде 245 пробация қызметі және мекемелерде өндірістік қызметті және сотталғандарды жұмысқа орналастыруды жүзеге асыратын 2 республикалық мемлекеттік кәсіпорын жұмыс істейді. Колонияларда 104 оқу орны жұмыс істейді, онда жыл сайын 1 200-ден астам сотталғандар аттестаттар мен орта білім туралы куәліктер алады, және 3,5 мыңға жуық адам жұмыс мамандықтары бойынша оқытылады.

ҚАЖК мәліметтеріне сәйкес, жыл басынан бері әртүрлі бұзушылықтар үшін 1500 мыңға жуық қызметкер жазаланды.

«Жазалар, негізінен, сөгіс жариялау, қатаң сөгіс жариялау, қызметтік сәйкессіздік сияқты болды. Соңғы фактілер бойынша бүгінгі күні жеті адам теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Үкіметтік емес ұйымдар келгеннен кейін шағымдар бізге түседі, қоғамдық - бақылау комиссиялары өз ұсыныстарын жолдап, осы ұсыныстар бойынша олар бұзушылықтарды анықтайды, біз өз кезегімізде осы бұзушылықтар бойынша  қатаң шаралар қолданамыз» ,- деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Дархан Қанатбеков.

Ол аталған заң бұзушылықтар үшін ешкім қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын атап өтті.

Заречный кентіндегі ЛА-155/8 мекемесінде азаптауды қолдану фактісі бойынша, ҚАЖК төрағасы жеті адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

«Олардың бесеуі қамауға алынды, бұлтартпау шарасы ретінде екі айға қамау таңдалды. Тергеу жүріп жатыр, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес біз тергеу мүддесінде ештеңе жария ете алмаймыз», - деді Д.Қанатбеков.

«Бұл жағдай бірлі-жарым. 2018 жылы бізде азаптағаны үшін қылмыстық істер  қозғалды, бірақ іс сотқа дейін жетпеді. Иә, шын мәнінде сорақы жағдай,  біз мойындаймыз», - деп түйіндеді ол.


Көзі: yunews.kz