АРЫС ҚАЛАСЫНДА 7 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ТОЛЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

АРЫС ҚАЛАСЫНДА 7 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ТОЛЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

444

Smiley face
Фото МИИР РК

 

Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметі бойынша, Арыс қаласында жалпы алғанда 9313 құрылысшы еңбек етуде. 7 мыңнан астам маман тұрғын үй қорын қалпына келтіруде, қалған бөлігі әлеуметтік нысандарда іске қосумен айналысуда. 6 тамызға дейін бригадалар 7 білім беру мекемесін толық жөндеуден өткізіп, пайдалануға тапсырды. Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы 59 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталуда,-деп Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, аптап ыстыққа қарамастан, құрылысшылар 2405 үйде косметикалық жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Апатты деп танылған тағы 413 үй бұзылып, рекордтық мерзімде құрылысы салынып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, әскери полигондағы жарылыстардан Арыс қаласының тұрғын үй қорының 85% зардап шеккен еді. 1 тамызға дейін Құрылысшылар 6,5 мың ЖТҚ және КПТҮ объектілерін қалпына келтірді, бұл барлық қираған үйлердің 90%. Ауқымды құрылысқа барлық өңірлер мен Республикалық маңызы бар қалалар тартылған.


Көзі: yunews.kz