Қазақстан Ұлттық Банкі қолма-қол валютаны айырбастау ережесін қатайтуды жоспарлап отыр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан Ұлттық Банкі қолма-қол валютаны айырбастау ережесін қатайтуды жоспарлап отыр

444

Smiley face

Қазақстанда қолма-қол валюта айырбастау пункттерін операция сомасына қарамастан клиенттердің мәліметтерін тіркеуді міндеттеу, сондай-ақ олардың жұмыс уақытын шектеу жоспарланған, деп жазылған Ұлттық банктің «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» қаулысына түзетулер енгізу жобасында.

«Әрбір жүргізілген айырбастау операциясы бойынша тізілімдер журналында: клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері..., клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), клиенттің заңды мекенжайы тіркеледі», - делінген құжатта.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, айырбастау пункттері тізілімде 500 мың теңге (шамамен 1,3 мың доллар) баламасынан асатын сомаға операциялар жасайтын клиенттердің деректерін тіркейді. Қаулы жобасында бұл норма «әрбір операция бойынша сәйкестендіру жөніндегі рәсімдерді жүргізу мақсатында» енгізіледі деп түсіндіріледі.

Бұдан басқа, түзетулердің бірі айырбастау пункттерінің жұмыс уақытына шектеулер енгізеді. Осылайша, айырбастау пунктінің иелері «10 сағат 00 минуттан 19 сағат 00 минутқа дейінгі уақыт шегінде өз бетінше» жұмыс режимін белгілей алады. Қазіргі уақытта валюта айырбастау пункттерінің жұмыс режимі бөлігінде шектеулері жоқ.

Ұлттық Банк қаулысына өзгерістер мен толықтырулар жобасы жариялы түрде талқылау үшін 16 тамызға дейін «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында жарияланды.


Көзі: yunews.kz