Маңғыстау облысының ірі мұнай компаниялары аумақты ескі қалдықтардан тазалайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстау облысының ірі мұнай компаниялары аумақты ескі қалдықтардан тазалайды

444

 Smiley faceФото пресс-службы КМГ

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мен Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (Экология министрлігі) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжатқа ҚМГ Басқармасының Төрағасы Алик Айдарбаев пен экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қол қойды.

Меморандумға қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ынтымақтастықты нығайту мақсатында қол қойылды. Құжатқа сәйкес, ҚМГ еншілес компаниялары – «Қаражанбасмұнай» АҚ, "»Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «Өзенмұнайгаз» АҚ - келісімшарттық аумақтар шегінде мұнаймен ластанған жерлерді тазарту, сондай-ақ жабдықталмаған шлам жинағыштарда орналастырылған қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша міндеттемелерді өзіне алады. Айта кету керек, Маңғыстау облысындағы мұнай кен орындарын пайдалану өткен ғасырда басталды, бұл кең ауқымды мұнаймен ластанған аумақтардың (өндірістің әртүрлі қалдықтары мен мұнайдың төгілуі) пайда болуына алып келді. Қазіргі уақытта ҚМГ компаниялар тобы тарихи ластануларды кәдеге жарату туралы шешім қабылдады.

Қол қойылған меморандумға сәйкес ҚМГ еншілес және тәуелді компаниялармен бірлесіп экологиялық талаптар мен стандарттардың міндетті түрде сақталуын қамтамасыз етеді, келісімшарттық аумақтардағы қалдықтарға түгендеу жүргізеді, қалдықтарды қайта өңдеу, мұнаймен ластанған жерлерді қайта өңдеу және қалпына келтіру бойынша озық әдістер мен экологиялық қауіпсіз технологияларды іске тартады, сондай-ақ шаруашылық қызметте және т.б. қалдықтарды қайта өңдеу өнімдерін (тазартылған топырақ) кейіннен пайдалануды қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде Экология министрлігі экологиялық заңнама талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, ҚМГ компаниялар тобы қызметінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, Қазақстанда алғаш рет компания осындай көлемде міндеттеме алады.

«Бұл құжатты жүзеге асыру елдің батысындағы мұнаймен ластанған учаскелердің аумағын айтарлықтай тазартуға, аймақтағы қолайлы экологиялық жағдайды қолдауға мүмкіндік береді. Министрлік сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар кешенін орындауды жоспарлап отыр», - деп атап өтті М. Мырзағалиев.

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының қызметі қоршаған ортаға әсермен тікелей байланысты. Сондықтан да біз еліміздің табиғатын, табиғи ресурстарды сақтауға, қоршаған ортаның тарихи ластануын жоюға, қалдықтарды қысқартуға аса мүдделіміз. Бұл меморандум Экология министрлігімен бірлесіп күш-жігерімізді біріктіруге және «Қазмұнайгаз» жұмыс істейтін аймақтардағы экологиялық жағдайды барынша жақсартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚМГ Басқармасының Төрағасы Алик Айдарбаев.


Көзі: Yunews.kz