Ақтауда Қазақстандағы алғаш Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы ашылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда Қазақстандағы алғаш Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы ашылды

444

 Smiley face

Фото Кирилл Осин

Қазақстандағы алғаш Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы Каспий теңізінде Ақтауда ашылды. Бұл туралы «Эко Маңғыстау» ҮЕМ директоры Кирилл Осин хабарлады. Орталықты «Сәби» қайырымдылық қоры «Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты» ЖШС-мен («ОАЭЗИ» ЖШС) бірлесіп ашты. Ашылу салтанатына ҚР Экология министрлігінің вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев, «Сәби» қорының құрылтайшысы Кеңес Рақышев, қоғамның және Каспий биоресурстарын қорғау және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кирилл Осиннің айтуынша, жаңа орталық каспий итбалығының популяциясын зерттеумен ғана емес, сондай-ақ осы бағытта мамандар дайындаумен де айналысатын болады. Жаңа орталықтың тағы бір бағыты Каспий теңізінің проблемаларын зерттеу болмақ.

Smiley face
Фото Кирилла Осина

«Орталық кеңсесі барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Оның мамандары теңізде орын алған барлық жағдайларды сол орында зерттей алады.  Балықтың жағалауға шығарылуы, итбалықтардың қырылуы және Каспийдің басқа да экологиялық мәселелері зерттеледі. Біз үшін осындай маңызды жобаның ашылуын ұзақ күттік», - деді Кирилл Осин.

Smiley face
Фото Кирилла Осина


Көзі: Yunews.kz