Нұр-Сұлтанда төтенше оқиға: өрт алаңы 200 шаршы метр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтанда төтенше оқиға: өрт алаңы 200 шаршы метр

444

Smiley face
Фото из открытых источников

«6 тамыз күні сағат 15:09-да Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Тұран көшесіндегі «Мельница» мейрамханасында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Сағат 15:12-де алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келіп жеткен кезде шатырдың ағаш конструкциялары жана бастаған. Өртті сөндіру шатырдың күрделі конструкциясымен қиындатылды», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Өрт сағат 17:18-де сөндірілді. Өртенген жердің болжалды алаңы 200 шаршы метр.  Мейрамханаға келушілер өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өз бетімен кетіп қалған. Өрт орнында ТЖК АМО филиалының бригадасына 2 адам медициналық көмекке жүгінді. Қарап тексерілгеннен кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді.

«Өртті сөндіруге астаналық ТЖД жеке құрамының 41 қызметкері мен 9 бірлік өрт сөндіру техникасы, ТЖК АМО бригадасы жұмылдырылды», - деп толықтырды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz