Атырауда 60-тан астам жүргізуші былғаныш қоқысты жақын маңдағы кәріз люктеріне төккен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда 60-тан астам жүргізуші былғаныш қоқысты жақын маңдағы кәріз люктеріне төккен

444

Smiley face
Скрин видео ДП Атырауской области

Атырауда кәріздік қалдықтарды белгіленбеген орындарға төккен 69 вакуум жүргізушісі анықталды.

Мәселен, 28 жасар ГАЗ 3309-1357 автокөлігінің жүргізушісі қаланың тура ортасында кәріз қалдықтарын заңсыз төккен. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жеке сектордағы септикті ақылы түрде тартып шығарған соң, ол суды М.Горький көшесіндегі жақын маңдағы кәріздік люкке ағызуды шешкен. Жүргізуші мен оның бейқам  серіктесінің заңсыз әрекеттері Атырау қ. ПБ  жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға орнына патрульдік қызмет қызметкерлері жіберілді, олар ҚР ӘҚБК 505-бабы бойынша хаттама толтырды», - деп айтып берді ведомство қызметкерлері.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБК 505-бабы бойынша 854 хаттама толтырған. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың ішінде 69 адам арнайы бөлінген булану орындарына бармай, қала аумағын абаттандыру ережелерін бұзған вакуум жүргізушілері болып табылады.


Көзі: Yunews.kz