Қостанайлық полицейлердің автокөліктері құтқару құралдарымен жасақталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қостанайлық полицейлердің автокөліктері құтқару құралдарымен жасақталды

444

Smiley faceФото: пресс-служба ДП Костанайской области

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, оқиға орнына – жол-көлік оқиғасы болсын, өрт немесе суға батып бара жатқан адамды құтқару болсын -  патрульдік полицейлер алғашқы болып келеді.

«Патрульдік машиналарды қажетті жиынтықтармен жабдықтау полиция қызметкерлеріне арнайы қызметтер келгенге дейін құтқару операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. Өйткені шұғыл жағдайларда әр секунд және уақытылы көмек көрсету маңызды», - дейді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Виталий Цой.

Қажетті құралдардың тізбесіне: құтқару жилеті, арқан, белдемше, альпинистік арқан, аккумуляторлық шам, өртке қарсы мата, қорғаныш капюшон, ұзындық өлшеуіш, жарық шағылдырғыш жолақ, қосымша өрт сөндіргіш және басқа да құралдар кірді.

«Бірінші кезекте арнайы жиынтықтармен біз су айдындарына жақын орналасқан патрульдеу бағыттары бар экипаждарды қамтамасыз еттік. Құтқару құралдарын Ұзынкөл, Таран, Әулиекөл, Қостанай аудандары, Қостанай және Рудный қалалары сияқты аймақтар алды. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар автожолдарға қызмет көрсететін полиция қызметкерлері де қамтамасыз етілді», - деп атап өтті Виталий Цой.

Патрульдік автокөліктерді құтқару құралдарымен жабдықтау үшін облыс әкімдігімен жергілікті бюджеттен арнайы қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта 16 патрульдік автомашина жасақталды. Сонымен қатар, барлық қызметкерлер үшін аталмыш құтқару құралдарын қолдану дағдыларын үйрету бойынша практикалық сабақтар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz